Артқа
Артқа

ЕГЕР СІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ІШІНЕН ЖАЛҒАН ЖАЗБАНЫ АНЫҚТАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

2024 жылдың басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шамамен 195 млн теңге сомасына нақты көрсетілмеген 440 қызметті анықтады. Бұл жағдайлар медициналық ұйымдардан айыппұл санкцияларын қолдана отырып анықталды және төлемнен алынды.
Қорда медициналық ұйымдарды «жалған жазбаларға» тексеру қалай жүргізіледі және жалған жазбаларды анықтаған азаматтарға қайда жүгінуге болатынын айтты.
Егер сіз қабылдауына бармасаңыз да, дәрігерге жазылып тұрсаңыз не істеу керек? Егер азаматтар көрсетілмеген медициналық қызметті анықтаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну керек. Бұл бейінді маманның қабылдауы, диагностикадық қызметтерді алу немесе ауруханаға жолдама болуы мүмкін. Өтінішті fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы беруге болады немесе 1414 нөміріне жүгіну қажет. Барлығы міндетті түрде қаралады.
Медициналық ұйымдарды жалған жазбалар фактілеріне тексеру қалай жүзеге асырылады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы операторы ретінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді.

Қор жеткізушілері халыққа пакеттер бойынша көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, іс жүзінде көрсетілген медициналық қызметтерге ғана ақы төленеді.

«Жалған жазбаларды» азаматтардың өтініштері бойынша анықтауға болады, содан кейін өтініште көрсетілген фактілер бойынша медициналық көмектің сапасы мен көлеміне жоспардан тыс мониторинг ашылады. Сарапшылар жеткізушілердің медициналық ақпараттық жүйесінде және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде медициналық көмек көрсету барысындағы кемшіліктер анықталады.
Жалған жазбамен айналысатын медициналық ұйымдарға қандай жаза қолданылады? Қор өз құзыреті шеңберінде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтаған кезде медициналық ұйымдарға қатысты экономикалық ықпал ету шараларын, яғни айыппұл санкцияларын қолдана алады. Осындай фактілер үшін Қор медициналық ұйымнан расталмаған қызмет құнының 300% шешіп алады. Бұл қаражат басым бағыттар бойынша медициналық көмекті кейіннен қаржыландыруға жіберіледі.
13.06.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ФСМС РК И ГОСАГЕНТСТВО ПО ОМС АЗЕРБАЙДЖАНА ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу